“4 тоқсан, 4 өнер” жобасы аясында ұлттық ойыны өткізілді
17 қараша Республиканың барлық мектептерінде “4 тоқсан, 4 өнер” жобасы аясында бір мезгілде “Бес табан”, “Бес асық” ұлттық ойыны ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты - ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту, оқушыларды асық ойнауға баулу. “Бес табан” ойыны мергендікке, қырағылыққа, ал “Бес асық” ойыны ептілік пен алғырлыққа тәрбиелейді.
Гимназия оқушылары да республикалық челленджге белсене қатысып, асқан ептілік пен мергендік танытты. Озып шыққан оқушылар, ұлдар арасынан 6”а” сынып 1 орын Төлеутай Ерғанат, 2 орын Жаңалхан Айсұлтан, 3 орын Ахметсапар Мансур.
Қыздар арасында Шабанбаева Дания, 2 орын Сакиева Аяулым, 3 орын Аскерқызы Нұрниса. Ойынды ұйымдастырған дене шынықтыру мұғалімдері.