«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы
15 қараша күні Ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен 5ә сыныбында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар «Отбасында баланы жазаламай қалай тәрбиелеу керек?», «Құқықтық тәрбиенің негізі отбасынан басталады» және «Жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын алдын алу үшін ата-аналардан кеңес» тақырыптарында топпен ақылдаса отырып, ойларын ортаға салды. «Еркін микрофон», «Мен кіммін?», «Миға шабуыл» әдістері тиімді қолданылды. Ата-аналар белсенділік танытып, ой-пікірлерін еркін жеткізе білді.
Қорытындысында баланы тәрбиелеудің тиімді әдістері ұсынылды.