"Зорлық -зомбылықсыз бақытты балалық шақ" науқаны аясында 16 қараша күні кіші дебат топтары арасында "БП буллингпен күрес және оның алдын алудың ең тиімді жолын ұсынады" атты қарар бойынша дебат ойыны болды. Пікірсайыс БПФ (Британдық парламенттік форматта) өтті. Спикерлер буллингтің бүгінгі қоғамымыздың өзекті мәселелрінің бірі болып отырғанын, оның себептері және оны болдырмаудың ең тиімді жолы бола алатын шешімдер мен ұсыныстар айтып,өз позицияларын дәлелдеді. Пікірсайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Жеңімпаздар дипломдармен,тәтті сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз фракция: "Ұлан" спикерлер: Мирова Замира, Омарханова Алуа; ІІ орын: "Perfect" спикерлер: Алпысбай Айару, Хусман Мухаметали, ІІІ орын: "Аристократ" спикерлер: Партияқызы Іңкәр, Зарип Диляра, "Болашақ" спикерлер: Ерсинова Аселя, Серікжанқызы Фатима. Дебат жетекшісі Шаймарданова Н.Т.
"Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" науқаны аясында дебат ойыны өтті