"Құқықтық сауаттылығымызды арттырайық" атты ізгілік сабағы
“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” науқанына орай "Құқықтық сауаттылығымызды арттырайық" атты ізгілік сабағы 6"Ә"сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз құқықтарын білуге және сақтауға баулу. Сабақ барысында балалар лайықты өмір сүруге, медициналық көмекке, дұрыс тамақтану, тегін білім алу құқығына, ойнау, демалу, мәдениет, ақпарат алу, зорлық-зомбылықтан қорғалу құқықтары туралы ақпарат алып, оның жүзеге асуы туралы ой бөлісті.Ізгілік сабағында балаларға қатысты ҚР нормативтік құжаттармен таныстырылды, оған қоса оқушылар "Суреттер сөйлейді" атты дамыту ойыны арқылы өз құқықтарын анықтап, мазмұнын ашты. Құқықтары бұзылған жайттарды талдап, оны шешу жолдарын ұсынды.