
“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық науқан аясында мектеп ұжымымен “Мен зорлық-зомбылықсыз әлемді қалаймын” семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинар барысында отбасындағы әйелге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі, оның қазіргі кездегі статистикасы мен себептері, алдын-алу кезіндегі кедергілер, көп жылдар бойы қалыптасқан ұстанымдардың әсері талқыланды. Мектеп психологы зорлық-зомбылықтың белгілері, себептері және қарсы тұру жолдары туралы ақпаратпен бөлісіп, қатысушылармен “Қошемет каридоры”, “Аплодисменттер”, ”Қоқыс жәшігі”тренингтік жаттығуын өткізді. Мақсаты: сенімділікті арттыру, өзіне деген қамқорлықты сезіну, жағымды көңіл-күйді қалыстастыру,әрі стреске қарсы тұруға бейімделу. Бұл шаралар әрбір адамға жақсы тілектер, қолдау көрсету, сапалы ақпарат берудің маңыздылығын көрсетті. Қорытындылай келе,зорлық-зомбылық көрген адамдардарға көмек көрсететін дағдарыс орталықтары, сенім телефондары, ұйымдар туралы, құқықтық, психологиялық көмек көрсету туралы толық ақпарат беріліп, қоғамда кездесетін жағдайларға немқұрайлы қарамауға, құқықбұзушылыққа жол бермеуге кеңес берілді.