“Young polyglot” танымдық-зияткерлік ойыны
Гимназия парламентінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде “Young polyglot” танымдық-зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Командалар қызықты жұмбақтар, 4 сурет 1 сөз, “ия” немесе”жоқ”, ұлы тұлғалар деген кезеңдердің тапсырмаларын орындап, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, мәреге жетті.
Ойынға әділ қазылық жасаған ағылшын тілі мұғалімі Ермек Маратұлы мен 2022 жылғы түлектеріміз, КБТУ студенті Токтасин Алмаз мен ЕҰУ студенті Базар Нұржан.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломмен, тәттілермен марапатталды.