«Жаңашыл ұстаз» тақырыбында тренинг-сабақ
23 қаңтар күні «Жаңашыл ұстаз» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Тренинг сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың орнын нақтылау, жас мамандарға қолдау жасау. Осы негізде ұстаздар қазіргі кездегі білім беру мәселелері, шешу жолдары, мінсіз мұғалім жөнінде постерлер қорғап, әр түрлі тапсырмалар, жағдаяттар орындады. Сабақ "Ұстазым" әнімен аяқталды.