Ата-аналарды педагогикалық қолдау, сондай-ақ бала бойындағы өзгерістерге, мінезіндегі ерекшеліктерге дұрыс әрекет ету мақсатында 5”а” сынып ата-аналарымен “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбында кездесу өтті. Сынып жетекшісі Эльмира Турагуловна ата-аналарды ерекше қарсы ала отырып, жағымды көңіл-күй қалыптастыруға, әңгіменің ашық, әрі позитивті өтуіне бағытталған түрлі тапсырмалар орындатып, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың неғұрлым тең дәрежеде, сенімді болуының маңыздылығын аша түсті. Ата-аналар балаларының өздеріне жазған ашық хаттарын оқи отырып, оларды мазалайтын, ойландыратын мәселелермен танысып, кері байланыс жасады. Сондай-ақ жас ерекшелігіне орай кездесетін қиындықтар мен мәселелерді талқылай отырып, оны шешудің түрлі жолдары талқыланды. “Ата-ананың үлгісі, әрекеті, сөзі бала үшін әрдайым үлгі екені, оларға өнеге бола білу де ата-анаға міндет екені”жиынның қорытындысында түйінді ойға айналды.
“Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбында ата-аналар жиналысы