“Әрбір бала-жарық жұлдыз” тақырыбында ата-аналар жиналысы
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 4 сыныпта “Әрбір бала-жарық жұлдыз” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылықтарға сәйкес бала мінезін қалыптастыру, оған жағымды әсер ету, отбасылық дәстүрлердің оң әсері туралы құнды пікірлер айтылып, баланың жеке ерекшеліктерін байқап дамытудың жолдары талқыланды. Сондай-ақ ата-аналар балалары жазған ашық хатпен танысып, кері байланыс жасады. Түрлі мінез, темпераментке сай әрекет ету жолдары да ұсынылды. Қорытындысында әр баланың ерекше қабілетін дамытуға талпыну, оған қолдау көрсету қажеттілігі айтылды.