"IT ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ" тақырыбында коучинг
29 қаңтар күні гимназия ұстаздарымен "IT ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ" тақырыбында коучинг өткізілді.
Коучингтің максаты: Білім сапасын арттыруда ақпараттық технологиялардың маңызды рөл атқаратындығына басты назар аудара отырып, пән мұғалімдерінің тәжирибесі арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету.
Коучинг барысында АКТ әкімшілігі Сабиғанова М.К. мен информатика мұғалімі Жеңісхан Н. ІТ технологияларының сабақта тиімді қолдануға болатын платформаларымен таныстырды.
Мұғалімдер топтасып жұмыс істеп, осы платформаларды сабақтың барысында қолдану тиімділігі туралы өз ойларымен бөлісті.