Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Облыстық “Қаныш және әдебиет» атты семинар-практикум
07-02-2024 16:09
Облыстық “Қаныш және әдебиет» атты семинар-практикум

2024 жылдың 7 ақпаны күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы қазақтың ұлы перзенті, ғұлама ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қаныш және әдебиет» атты семинар-практикум ұйымдастырды.

Семинар гимназия директоры Дюсембаев А.К. құттықтау сөзімен басталды. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Есенгожина А.Е., Нургалиева Д.А., Алепарова Р.Т., Айтмагамбетова Б.Ж. «Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері» негізінде ашық сабақтар беріп, «Функциональдық сауаттылықты дамытуда қолданатын тиімді әдіс- тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

«Ұлттың ұлы перзенті» атты әдеби кеште оқушылар ғалымның балалық шағынан және “Ер Едіге” жырынан көріністер көрсетіп, Қаныш Сәтбаевқа арналған өлеңдер оқылып, кеш “Сәтбаев вальсі” әнімен аяқталды.

Семинарды қорытындылау барысында ББДИО әдіскері Солтанова Б.Ж. семинар барысына қатысқан ұстаздарды марапаттады.

Семинарға қатысқан облысымыздың мамандандырылған мектептеріне, Павлодар, Ақсу қалаларына, Май, Щербақты, Железинка, Павлодар , Ақтоғай, Тереңкөл, Успенка аудандарына алғыс білдіреміз.