Тұлғаны қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалімнің ролі
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен 5”Б” сынып ата-аналарына “Тұлғаны қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалімнің ролі” атты тақырыпта жиын өтті.
Жағымды ахуал мен ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ата-аналар бір-бірімен түрлі тәсілдер арқылы амандасып, сәттілік тіледі.
Жиын барысында ата-аналар баланың дамуы мен жақсы қасиеттерге ие болуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығына бағытталған топтық жұмыстар мен талқылауларға белсене қатысты.
Сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру жолдары да талқыланды.