Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
“Әжелер-көңілдің ажары, Немере-өмірдің базары” атты әжелер мен немерелер байқауы
02-03-2024 17:24
“Әжелер-көңілдің ажары, Немере-өмірдің базары” атты әжелер мен немерелер байқауы

Көктем мерекесі қарсаңында гимназиямызда бірыңғай тәрбие тұжырымдамасы негізінде “Әжелер-көңілдің ажары, Немере-өмірдің базары” атты әжелер мен немерелер байқауы ұйымдастырылды.
Байқау мақсаты отбасылық, ұлттық дәстүрлерді ұрпақ бойына сіңіре отырып, сабақтастықты нығайту, ұлттық өнер пен дәстүрді жаңғырту.
Байқауға қатысқан әжелер мен немерелер қолөнер, дәм-думан, мақал мағынасын ашу, салт-дәстүр көрсету сияқты кезеңдерде өз өнерлерімен, өнеге, ақыл-кеңестерімен, дәстүрді көрсете білу шеберліктерімен сынға түсті.
Ал әжелеріміздің өнерін бағалаған Ақсу қалалық аналар кеңесінің төрайымы Сламбекова Рымкеш Хамитовна, ардагер ұстазымыз Ибраева Бақыт Шаймардановна мен тәжірибелі ұстазымыз Муканова Бақытгүл Кадыровна.
Нәтижесінде 5”б” сыныбынан қатысқан Тохан әже мен немересі Аяла “Шебер әже“, 6”а” сыныбының намысын қорғаған Қаншайым әже мен немересі Медина “Өнегелі әже, 6”ә” сыныбынан қатысқан Мариям әже мен немересі Гулиман ”Білгір әже” номинацияларымен және 4 сыныптың атынан қатысқан Үміт әже мен немересі Ақерке жүлделі ІІІ орынмен, 5”а” сынып атынан қатысқан Торғын әже мен немересі Айзере жүлделі ІІ орынмен, 5”ә” сынып атынан қатысқан Айсұлу әже мен немересі Дильнура жүлделі І орынмен марапатталып, диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.