Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
МИФ апталығының қорытындысы
02-03-2024 17:49
МИФ апталығының қорытындысы

12-16 ақпан аралығында МИФ апталығы өткізілді. Апталықты өткізбес бұрын бірлестік мүшелерінің келісімімен апталық жоспар жасалынды.   

Мектептің бірінші қабатында «Әлемнің ғажайып үш тірегі»  атты банер және арнайы тақтаға үрленген шарлар ілініп сұрақтар жасырылды. Сонымен қатар атақты математиктер, физиктер және информатиктер жайлы мәліметтер QR кодпен жарнама тақтасына ілінді.

Жоспар бойынша дүйсенбі күні апталықтың ашылуы жарияланды. Онда балалар сабаққа келген бетте арнайы тақтаға үрленген шарлардың ішіне жасырылған  сұрақтарды алып жауап берді. Сұраққа жауап берген оқушылар дұрыс жауаптары үшін алдын-ала келісілген тәтті сыйлықтан алды. Сол куні үзіліс арасында 2 қабат (Даңк залы)  «Крестики-нолики» ойыны 6а, 6ә, 6б, 4, 5а, 5ә, 5б сыныптар арасында ойнатылды және жеңімпаздар тәтті сыйлықпен марапатталды.

Сейсенбі күні жоспар бойынша «Дойбы ойыны» 7а, 7ә, 7б, 8, 9а, 9ә сыныптар арасында ойнатылды. 8-сабақта 7а,7ә,7б сыныптар арасында «Сыйлық кімге бұйырады?» зияткерлік ойынын Жеңісхан Н, Ерғали Б. ұйымдастырды. Жеңімпаздарды марапаттау апталақтаң жабылуына қалдырылды.  

Сәрсенбі күні 4-8 сынып аралығында Атик Б.В.,  Жеңісхан Н. Робототехникадан «Ат жарысын» ұйымдастырды. Қатысушылар тәтті сыйлықпен атап өтілді. 8- сабақта

5-6 сыныптар үшін Баймұрат Ж., Даян Ж. Квест ойынын өткізді. Ойынға 6 команда, әр сыныптан 3 оқушыдан қатысты.                                                                                                           

Бейсенбі күні ұстаздар үшін Атик Б.В.  «Пәнаралық байланысты іске асыруға арналған ресурстар және STEM сабағын жоспарлау» атты семинар сағат өткізілді. 8-сабақ мәжіліс залында Абылгазина Э.Т. жоспарлауымен «Tugan Qala» жобалар сайысы (жергілікті инфрақұрылымды жақсарту идеялары) өткізілді. Сайысқа алдын-ала тапсырма берілді және оқушылыр өздерінің жасаған жобаларын қорғады. 

 Жұма күні мәжіліс залында Муканова Б.К, Жумагельдинова Ш.М. ұйымдастыруымен «Өз ойыным» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға 9-10 сынып оқушылары қатысты. Зияткерлік ойынына төмендегідей әділ қазылар төрелік етті:

Клара Мухаметкалиевна – директордың ғылым жөніндегі орынбасары;

Шаймарданова Назигуль Түсіпқызы – гимназия психологы;

Женаева Гульжан Иранқызы – кітапханашы.

Ойынға әр сыныптан 3 баладан 12 бала қатысты. Ойын 4 кезеңнен тұрды:

                І кезең  математика, геометрия, ұлттық ойындар;

                ІІ кезең  информатика, физика, астрономия;

                ІІІ кезең қазақтың қара есептері, логика, ғұламалар;

                ІV кезең Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл, Қазақстан математиктері, міне қызық. 

Әр кезең соңында ұпайы аз 3 ойыншы ойыннан шығарылып отырды. Соңғы кезеңге Асылхан Альтайр, Даутбеков Ерхан, Кайрбаева Мадина шықты. Ойын жеңімпазы Кайрбаева Мадина атанды және дипломмен, заттай сыйлықпен марапатталды. Зияткерлік ойыннан кейін бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталықтың қорытындысы жасалды.

 Апталықты қорытындылай келе, мынандай тұжырым жасалды:

 1. «Сыйлық кімге бұйырады?» зияткерлік ойынының жеңімпаздары: І орын - 7а,  ІІ орын - 7б, ІІІ орын - 7ә танылды. Олар дипломмен және заттай сыйлықпен марапатталды.

2. Робототехникадан «Ат жарысы» жеңімпаздары: І орын – 5ә,  ІІ орын – 7а сынып танылды. Олар да заттай сыйлықпен және дипломмен марапатталды.

3. Квест ойынының жеңімпаздары болып: І орын - 5а,  ІІ орын - 5б, ІІІ орын – 6а дипломмен,  5ә, 6ә, 6б номинация  және заттай сыйлықпен марпатталды.

4. «Tugan Qala» жобалар сайысында:  Гран при -10ә, І орын -10а, ІІ- ІІІ орын 8, номинация 9а, 9ә танылды. Жеңімпаздар диплом және заттай сыйлықпен марпатталды.

Марапат соңында апта бойы апталыққа жақсы қатысқандары үшін сыныптарға алғыс білдірілді, апталық қорытындыланды.

                                                                        МИФ ӘБ жетекшісі Муканова Б.К.