Ө.Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсының Құрмет грамотасының иегері

Алматы қаласында 2024 жылғы 5-6 наурыз күндері дәстүрге айналған Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XIV Халықаралық конкурсы өткізілді.
Конкурстың басты мақсаты-математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет мемлекеттердің 100-ден астам талантты 11 сынып оқушылары қатысты. Дарынды оқушымыз Шайфуллина Анель «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшісі Баймұрат Жазира мен Анельді құттықтаймыз!