«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім сайты» атты облыстық сайыс қорытындысы
10 маусым күні Облыстық білім беру басқармасының «Павлодар облысының ақпараттық технологиялар орталығы» КММ «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім сайты» атты облыстық сайыс өтті. Сайысқа 36 білім беру ұйымдары қатысып, оның 26 ақтық кезеңге жолдама алды. Сайыс қорытындысы бойынша орта білім беру ұйымдары арасында Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 лицей-мектебі І орынды, Дарынды балаларға арналған №3 гимназия ІІІ орынды, біздің гимназияның сайты ІІ орынды иеленді. Сайтты жасауға өз үлесін қосқан информатика пәнінің мұғалімі Абылғазина Э.Т. мен сайтты құрастыруға қолдау көрсеткен барлық ұстаздарға алғысымызды білдіріп, жетістіктерімен құттықтаймыз.