Табиғат аясында
10 маусым күні «Балдәурен» сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері өз жетекшілерімен бірге қалалық жағажай аумағына танымжорыққа барып, уақыттарын қызықты да пайдалы өткізе білді. Балалар мен ұстаздар түрлі спорт ойындарына, түрлі халықтардың ұлттық ойындарына белсене қатысып, әр топ өздерінің күш-қайраттарын, жігерліліктерін, дене шымырлығын көрсете білді. Бұл іс-шара барлық қатысушыларыныңы көңілінен шықты.