“Позитивті ата-ана болу” ата-аналар жиналысы
Ата-аналарды қолдау орталығының жоспарына сәйкес 7 сыныптарда “Позитивті ата-ана болу”, “Бұлақ көрсең көзін аш” тақырыптарында кездесулер өтті.
Мақсаты: ата-аналардың баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту дағдыларын қалыптастыру. Жиын барысында ата-аналар баланың физикалық, зияткерлік, эмоционалдық ерекшеліктерін біле отырып, осы жасқа тән тұжырымдар бойынша өз шешімдерін жасап, ой қорытындысымен бөлісті. Сондай-ақ баланың шығармашылық әлеуетін дамытуда тиімді жолдарды талқылап өтті. Жиын соңында кері байланыс жасалып, ата-аналар пікірлерін білдірді.