Қызықты саяхат
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде күн сайын түрлі шаралар ұйымдастырылуда. 11 маусым күні лагердің 4 топ мүшелері мен тәрбиешілері Потанин атындағы өлкетану мұражайын тамашалап, содан кейін Ертіс өзені бойымен 1 сағаттық серуен жасап келді. Бүлдіршіндерің шаттық сезімдерінде шек жоқ. Мұражайдағы әрбір экспонатына қызығушылық көрсетіп, түрлі сұрақтар қойып, Ертістің көрікті табиғат ғажайыптарына тамсана да, таңдана қарасты.