Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – ҚҰЗІРЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында облыстық семинар
15-04-2024 17:40
«ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – ҚҰЗІРЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында облыстық семинар

2024 жылғы 11 сәуірде Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай өткізіліп жатқан «Ғасырлар данасы» атты онкүндік жоспары негізінде гимназиямызда «ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – ҚҰЗІРЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында ЖМБ пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдері арасында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар барысында информатика мұғалімі Абылгазина Э.Т., биология мұғалімі Жахав Б.Т. ашық сабақтар берді. Физика пәні мұғалімдері Қабылбекова А.С. , Атик Б.В. «Пәнаралық байланысты іске асыруға арналған ресурстар және STEM сабағын жобалау» тақырыбында шебер сынып өткізіп өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар аясында «Сәтбаев салған жол – ұрпаққа ұлағат» атты үш тілде әдеби кеш ұйымдастырылып, « Тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу» атауымен ұлы тұлғаларға арналған үш тілде өткізілген әдеби кештердің жинағы таратылды.

Семинарға Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Сабитова Назира Сайделеновна қатысып, семинардың жоғары деңгейде өткенін айтып, тәжірибе таратқан ұстаздарға сертификат табыс етті.