«Тұлғаға бағытталған білім – дарындылықтың сапалық көрсеткіші» тақырыбында гимназияда 2024 жылы 08.04 күні педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте директордың дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Оразова Г.Н. жеке тұлғаға бағытталған оқытуда оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығын арттыру, олардың алдына мақсат қоя білу, сол мақсатқа жетуге оқушыларды дайындау және жетелеу жөнінде айта отырып, осы бағытта гимназияда істелінген іс-шараларды атап өтті.
Сондай-ақ пән әдістемелік бірлестік жетекшіліктері тұлғаға бағытталған білімде оқу жоспарының вариативті бөлімінен берілген факультатив, элективті курстардың тиімділігіне және алдағы уақытта нені ескеру керектілігіне тоқталып, өз ойларымен бөлісті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Джамалбаева С.С. ІІІ тоқсан қорытындысымен таныстырып, білім сапасының жоғарлағаны жөнінде айтып өтті.
«Тұлғаға бағытталған білім – дарындылықтың сапалық көрсеткіші»