Аса көрнекті ғалым, академик, Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті, ұлы геолог Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай 2024 жылдың 18 сәуір күні 4,5,6-сынып оқушылары арасында Павлодар облысының білім беру басқармасының қолдауымен Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы «Ертіс Дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп облыстық Кіші Сәтбаев олимпиадасын өткізді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - іріктеу кезеңі онлайн форматта өтті. Оған Павлодар, Ақсу қалалары мен Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Успен, Баянауыл, Тереңкөл, Май, Ертіс аудандарынан 753 оқушы қатысты. Іріктеуден өткен 98 оқушы қорытынды кезеңде бақ сынасты.
Айта кету керек, бұл олимпиада 15 жыл қалалық, ал биыл алғаш рет облыстық деңгейде өтті.
Олимпиаданың мақсаты - ғылым саласында білімін жалғастыруға ынталанған дарынды зияткерлерді және талантты оқушыларды анықтау мен қолдау. Оқушылар математика және жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмаларды орындап, өз білімдерін шыңдады.
Қорытынды кезеңге Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетінің профессоры, аға оқытушысы Омаров Мұрабек Қаппасұлы қатысып, Қаныш Сәтбаев еңбектерінен сыр шертті.
Олимпиадаға Ақсу қаласы мен Май ауданынан қатысушылар көп болғанын атап өткім келеді.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, атап айтсақ, 6 оқушы І, 14 оқушы ІІ, 25 оқушы - ІІІ дәрежелі дипломымен және 10 оқушы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Дәстүрлі іс-шара ары қарай жалғасын табатын болады.
Облыстық Кіші Сәтбаев олимпиадасы өтті