Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық
16-05-2024 17:38
Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық

2024 жылдың 14 мамыр күні гимназияда 4 сынып оқушыларына арналған психолого-педагогикалық консилиум болып өтті. Консилиум тақырыбы: ”Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық”. Мақсаты: 4 сынып оқушыларының орта буында оқуға дайындық жағдайларын қарастыру, сынып оқушыларына мінездеме беру,болашақ 5-сынып оқушыларының білім алып дамуына неғұрлым қолайлы жағдайды жасау мәселелерін қарастыру. Консилиум барысында болашақ 5 сынып пән мұғалімдері алынған бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы айтып өтті. Сынып жетекшісі Жақсыбекова М.Ж. сынып оқушыларына жан-жақты сипаттама берді, гимназия психологы Шаймарданова Н.Т. оқушылармен жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысын ұсынды. Консилиумға гимназия әкімшілігі, болашақ пән мұғалімдері қатысты.