Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығының қорытындысы
“Ұлтын сүйген ұлы дала ұрпағы” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы өз мәресіне жетті. Апталық барысында мерейгер тұлғалардың өмірі, шығармашылық қызметіне арналған іс - шараларға гимназия оқушылары белсенді қатыса білді. Атап айтсақ, көркем шығармалар негізінде суреттер байқауы, киновикторина, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстел, эссе жазу сияқты шаралар ұйымдастырылды. Апталық қорытындысында ерекше нәтиже көрсеткен оқушылар, сыныптардан қатысқан топтар дипломдар мен тәтті сыйлықтармен марапатталды. Аталған апталық мазмұнды ұйымдастырылды.