23.05.2024 жылы гимназияда жылдың қорытындысы ретінде дебат топтары арасында мектепішілік пікірсайыс ойыны болып өтті. Британдық парламенттік форматта ұйымдастырылған ойын бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі болып отырған лудомания тақырыбында “Бұл палата балалар арасында ойынқұмарлықтың (лудомания) алдын алудың ең тиімді жолдарын ұсынады” атты қарарында өтті. Фракциялардың спикерлері ойынқұмарлық мәселесінің өзектілігін, негізгі себептері мен салдары бойынша түрлі ақпараттар, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіріп, тиімді болатын шешу жолдарын ұсынды. Пікірсайыс ойыны тартысты, әрі мазмұнды өтті. Соңғы нәтиже бойынша жеңімпаз фракция: “АЛАШ” фракциясы (спикерлер: Тебенова Лейла, Дүйсенбай Әсел) ауыспалы кубокты жеңіп алды, екінші орынды “Best” фракциясы (спикерлер: Омарханова Алуа,Мирова Замира), үшінші орынды “Болашақ” фракциясы (спикерлер: Ерсинова Асель, Серикжанқызы Фатима) және “ Perfect” фракциясы (спикерлер: Алпысбай Айару, Хусман Мухаметали) жеңіп алды. Жыл бойы пікірсайыс ойындарына қатысып белсенділік танытқан оқушылар сертификаттармен, алғыс хаттармен,сыйлықтармен марапатталды. Дебат ойындарын ұйымдастырған үйірме жетекшісі Шаймарданова Н.Т.
Мектепішілік пікірсайыс ойыны