“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 7-9 тамыз аралығында Сүлейман Демирель атындағы университеті базасында өткен «Цифрландыру - бүгінгі білім берудегі жаңаша көзқарас және қажеттілік» республикалық тамыз кеңесі өз мәресіне жетті.
Конференция барысында бірнеше мәселелер талқыланып, өзекті тақырыптар қозғалды:
“Білім беруді цифрландыру - жұмыс мазмұнын мен әдістерінің өзгеру процесі”;
“ «Мектепті цифрландырудың перспективалық жолдарын анықтау”;
“Цифрлық мектеп моделі және мектепті қайта құру үшін маңызды факторлар кешенін анықтау”;
“Оқушылардың сапалы білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері мен құралдары”;
“Білім беруді цифрландыру салалары”;
“Мұғалім жаңа ұрпақ балаларын қалай дайындайды?”.
Тамыз кеңесінің пленарлық бөлімінде гимназия директоры Дюсембаев Аскербек Култаевич Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аскербек Құлтайұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа 2024-2025 оқу жылында толағай табыстар тілейміз!
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған республикалық тамыз кеңесі