Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Республикалық отбасы күні
10-09-2013 11:51
Республикалық отбасы күні

7-қыркүйек күні гимназияда Республикалық отбасы күніне орай «Отбасым –тірегім» атты акция өткізілді. Акция барысында оқушылар  Отбасылық эмблемаларды қорғаса, ата-аналар мерекеге орай құттықтаулар байқауына қатысты. Жоғары сынып оқушылары арасында отбасылық құндылықтарға орай шағын сайыс өткізіліп, сауалнамалар жүргізілді. Ал 1-4 сынып оқушылары өздерінің өнерлерін мәнерлеп өлең оқу,  «Менің отбасым - ең керемет» атты сурет байқауларында көрсете алды. Акция шеңберінде отбасында ұлттық дәстүрді, қолөнерді, құндылықтарды бала бойына сіңіруді мақсат еткен  отбасылардың шеруі өтті. Сондай отбасылардың бірі Алидарова Айданың ата-анасымен бірігін жасаған қолөнер бұйымдары таныстырылып, ата-аналарға сыйға тартылды. Ата-аналардың отбасылық тәрбие деңгейін арттыру мақсатында «Отбасы- адам баласының өсіп, өнеге алатын ұясы» атты кітапша таратылды.