Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
19-09-2024 18:54
ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

2023 жылдың қараша айында өткен "Мектепке арналған PISA" тестілеуінде гимназия оқушылары жоғары ұпай жинады.

Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясынан 28 оқушы қатысты.

Мектебіміздің орташа көрсеткіші бойынша тестке қатысушы гимназия оқушылары оқу сауаттылығынан 489 ұпай, математикалық сауаттылықтан 497 ұпай, жаратылыстану сауаттылығынан 443 ұпайға қол жеткізді. Бұл көрсеткіш Қазақстан нәтижелерімен салыстырғанда оқу сауаттылығынан 102, математикалық сауаттылықтан 74, жаратылыстану сауаттылығынан 46 ұпайға жоғары.

“Мектепке арналған PISA-2023” тестілеуіне қатысқан оқушыларға, дайындық жүргізген пән мұғалімдерге алғыс білдіреміз.