Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
“Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісінің иегері
07-10-2024 16:20
“Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісінің иегері

Ұстаздар күні қарсаңында Кульжайнат Бекежановна Тулеубаева білім саласында жеткен зор жетістіктері үшін “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды.

«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі – білім беру саласындағы елеулі еңбегі үшін берілетін ең беделді марапаттардың бірі. Бұл атаулы төсбелгі педагогтардың жаңашылдыққа ұмтылысы мен озық тәжірибесін мойындайтын жоғары марапат болып табылады. Кульжайнат Бекежановнаның осындай марапатқа ие болуы оның білім саласындағы қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.

Ұстаз жолы – ұлы жол, ал Кульжайнат Бекежановна сол жолда жүрген нағыз кәсіби маманның үлгісі.