Кәсіптік бағдарлау

16 қазан Әлкей Марғұлан университетінің мамандары кәсіптік бағдарлау бойынша 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Университеттің артықшылықтары мен білім беру ерекшеліктері, мемлекеттік және басқа да грант түрлері, тәжірибе алмасу, шетелде білімін жетілдіру туралы толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар соңғы жылдары мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сұраныстың артуы, ұлт болашағын қалыптастырудағы маңызына тоқталып, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың сауалына жауап беріп, нақты кеңестер берді.