
Гимназияда 24 қазан күні Республика күніне арналған оқушылар арасындағы қалалық пікірсайыс турниры өтті.
Пікірсайыс турнирына Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің “Парасат” фракциясы, Ыбырай Артынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің “Алтынсарылар” және Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның “Perfect” және “Болашақ” фракцициялары пікірталасты.
Ойын “Бұл палата Қазақстанда өмір сүруге ең қолайлы қаланы таңдайды”, “Бұл палата Қазақстандағы қылмысты азайтудың ең тиімді жолы кедейлікті жою деп есептейді” атты қарарлары бойынша өтті. Спикерлер өздерінің позицияларында қарарда берілген мәселені фактілермен, мысалдармен, статистикалық мәліметтермен дәлелдеп, шешу жолдарын ұсынды. Турнир кезінде оқушылар өз ойларын шыңдап, шешендік өнерлерін дамытып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Төрешілердің шешімімен ІІІ орын жеңімпаздары: “Парасат фракциясы” және “Алтынсарылар” фракциясы. ІІ орын жеңмпаздары: “Perfect” фракциясы, ал турнирдың жеңімпазы және кубок иегерлері “Болашақ” фракциясы, спикерлер: Серікжанқызы Фатима, Тебенова Лейла, Ерсинова Асель.
Ойынның үздік спикерлері: Сайдуллаева Аяна, Бейсенов Ислам, Тебенова Лейла, Ермекова Жұлдыз. Балалар дипломдармен, тәтті сыйлықтармен және кубокпен марапатталды.
Турнирды ұйымдастырып өткізген үйірме жетекшісі: Шаймарданова Н.Т., Қонақбаев Е.М. Төрешілік жасағандар: Мұтан М. Партия А. Жанарбекқызы Ж.