
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22-24 қазан күндері Астана қаласында «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, оқушылардың гуманитарлық цикл пәндеріненолимпиадаларға сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша педагогикалық практиканы дамыту.
Семинар барысында «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенгожина Акмарал Еркеновна, ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО-ның ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жүлдеңіз құтты болсын, Акмарал Еркеновна!