«Жасанды интеллект білім саласында» тақырыбында семинар

30 қазан күні «Қала-Ауыл» жобасы аясында Екібастұз ауданының қазақ тілінде оқытатын мектептері педагогтарымен «Жасанды интеллект білім саласында» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның информатика мұғалімі Ж.Ахметова мен география мұғалімі А Альдекенова ChatGPT, Gamma ai, Wepik.com платформалары көмегімен сабаққа қажетті видеоларды қолдана отырып презентация жасау, тест сұрақтарын, сабақ жоспарларын, күнтізбелік жоспарларды дайындауды үйретті. Осы бағытта мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.