Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
26-02-2025 18:28
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
8ә сыныбында Қазақ тілі пәнінен "Қазақстанның пайдалы қазбалары" тақырыбында  өткен сабақта ұлттық құндылықтарды енгізудің келесі жолдары қарастырылды :
- Қазақ халқы ертеден - ақ табиғи байлықтарды игеріп, мыс, күміс,алтын, темір секілді металдарды балқытып, құрал- жабдықтар жасаған;
- Пайдалы қазбалар ел экономикасының негізі болып табылады.Мұнай,газ, көмір,металл кендері - Қазақстанның экономикалық әлеуетін көтеретін басты факторлар.
- Қазақ халқының "Жер халықтың қазынасы" деген ұстанымын негізге ала отырып, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану мәдениетін дәріптеу.
Осы мақсатта ұлттық құндылықтарды "Пайдалы қазбалар " тақырыбымен ұштастырып, оқушылардың ұлтжандылық сезімін оятуға және жауапкершілігін арттыруға негізделген сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Олар:
"Тұтас емес мәтіндерді графика, диаграмма, сызба, сурет арқылы түсіндіру", "Карта арқылы бірыңғай мүшелерді ажырату", тақырып бойынша берілген өлең және дәйексөздерге ұлттық құндылық тұрғысынан тұжырым жасау шығармашылық тапсырмасы, "Quizizz тест "арқылы бағалау, "SMS әдісі " бойынша кері байланыс т.б. Пән мұғалімі: Нургалиева Дария Амантаевна.