Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
Қ. Сәтбаев атындағы кіші ғылым академиясы ашылды.
15-01-2025 17:41
Қ. Сәтбаев атындағы кіші ғылым академиясы ашылды.

Ақсу қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында ерекше бір іс-шара өтті.
Оқушыларымыздың ғылыммен айналысып, іздену жұмыстарына бет бұру үшін қазақтың тұңғыш академигі Қ.И.Сәтбаев атындағы кіші ғылым академиясы ашылды. Өнегелі іс-шараға бірқатар құрметті қонақтар Торайғыров университетінің докторы, профессор Азербаев А.Д., Әлкей Марғұлан университетінің аға оқытушысы Омаров .М.К., Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық филиалының басшысы Әшімбетова Р.Д., Ақсу әкімдігінің тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Медығат Жанайдарұлы, білім саласына ерен еңбегін сіңірген ардагер ұстазымыз Сламбекова Рымкеш Хамитовна шақырылды.
​Жаңа кабинеттің лентасын қию құрметі Марғұлан университетінің аға оқытушысы Омаров Мурабек Каббасовичке және мектебіміздің 10 сынып оқушысы география пәнінен облыстық олимпиада жеңімпазы Асылхан Альтаирға ұсынылды.
​Барынша көркем де , заманауи үлгіде жабдықталған кабинетте оқушылар қонақтарға Қ. Сәтбаевқа арналған өлең жолдарын оқып, «Сәтбаев вальсі» әнін орындады. Облыстық ғылыми жобалардың жеңімпаздары жас зерттеушілеріміз Жалел Ұ., Қазтай Ә. мен Нуриденов М. өз ғылыми жұмыстарын ұсынды.
Ғалым ағамызға арналған ғылыми орталықта Сәтбаевтың өз еліне сіңірген еңбегі, картаға түсірген қазба байлықтары, ғылым жолындағы еңбектері жайлы QR арқылы оқылатын ақпараттық стенд берілген. Сондай-ақ ғалым ағамыздың өмірі мен шығармашылығына, еңбек жолына арналған кітаптар қойылған.
Шараға қатысушы барлық қонақтар дарынды оқушыларға ғылыми бағыттағы зерттеушілік жұмыстарына сәттілік тілеп игі тілектерін білдірді.