Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
«Мектептегі пәнаралық STEM білім берудегі математиканың рөлі» облыстық семинар
17-01-2025 18:36
«Мектептегі пәнаралық STEM білім берудегі математиканың рөлі» облыстық семинар

2025 жылдың 17 қаңтар күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында бірлескен «Мектептегі пәнаралық STEM білім берудегі математиканың рөлі» атты семинар өтті. Семинарға қала, аудан, мамандандырылған мектептерден 30 жуық педагог қатысты. Семинар гимназия директоры Дюсембаев А.К. құттықтау сөзімен басталды.

Семинар барысында математика мұғалімдері Муканова Б.К. мен Жумагельдинова Ш.М. STEM технологияны қолдану арқылы ашық сабақтар берді.

«STEM білім беру және жасанды интеллекті қолдану үрдістері.» атты шеберлік сабақта Атик Б.В., Мұқыш Ж.Е. ЅТЕМ-оқыту бойынша білімді құрылымдау және ЖИ (жасанды интеллект) қолдану үрдісімен таныстырып, семинарға қатысушылармен «Катапульта негізінде контекст және тапсырма құрастыру» бойынша практикалық жұмыс жасалды.

STEM технологияны қолдану оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, мотивациясын арттыруға және ақпараттық кеңістікте өз бетінше шарлау, өз пікірлерін білдіру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

«Олимпиадалық геометриядағы танымал теоремалар», «Математикалық сауаттылық-күнделікті өмірде.» тақырыбында Даян Ж., Баймурат Ж., Бирликқызы А. тренинг сабақтар өткізді.

Семинарға Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Сабитова Назира Сайделеновна қатысып, семинардың соныңда жыл сайын гимназия мектебі облыстық деңгейде ұстаздарының тәжірибесімен бөлісу үшін әр бағытта семинарлар өткізетінін атап өтті.

Бүгін өткізілген іс шараларда STEM технологиясына оқытудың әртүрлі тәсілдерінің тиімділігі туралы құнды түсініктер беріліп, мұғалімдерге олимпиадалық тапсырмаларды орындауда танымал теоремалар мен функционалдық сауаттылыққа тапсырмалар құрастыруға үлкен мұмкіндік алды.