Мен оқыған бір кітап» READx жобасы
"Мен оқыған бір кітап» READx жобасы ұйымдастырылды."READx" жобасының мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу. "READx" – бұл оқырмандарды шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен шығармадан алған әсерлерін ортаға салады. "READx" жобасының талаптары:
- Кітаптың қысқаша мазмұны;
- Кітаптың қоғамға берер идеясы;
- Заманауи тәсілдермен салыстырмалы түрде мысалдар келтіру;
- Автор идеясының ұнаған/ұнамаған тұстары;
- Жарнамалық түрде аталған кітапты оқуға шақыру;
- Қорытынды сөз (Ұлы тұлғалар сөзі немесе шығармадан үзінді).Қатысушылар физика пәнінің мұғалімі Бибигуль Васильевна, 9 сынып оқушылары.