"Әр өлеңі бір әлем"
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Әр өлеңі бір әлем" тақырыбында әдеби—сазды кеш өткізілді. Мақсаты: соңынан өшпейтін із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандыққа тәрбиелеу, поэзияға құштарлығын арттыру. Шараға оқушылармен бірге гимназия ұстаздары Бибигуль Васильевна, Арайлым Қанатқызы ақынның өлеңдерін оқыса, Мұратбек Мұтанұлы ақынға арнауын паш етті. Сонымен қатар ақынның "Мен деп ойла"," Есіңе мені алғайсың"әндері орындалды.



