"Балалар кітапханасы" жобасы
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Шын жүректен кітап сыйла" акциясы ұйымдастырылды. Керемет акцияны пайдаланып ұстаздар өздерінің жеке кітапханаларынан өз шәкірттеріне жүрекжарды тілектермен кітап сыйлап, ал оқушылар бір—біріне сүйікті туындыларын тарту етті. Кітапхана қоры да қызықты кітаптармен толықтырылды. Бір—біріне кітап сыйлаған әр бала мейіріммен бөлісіп, достықтың, сыйластықтың үлгісін көрсетті.

