"Бір ел—бір кітап" республикалық акциясы
"Бір ел—бір кітап" республикалық акциясы бойынша "Бір дәуірдің қос үні" атты әдеби іс —шара 9 "ә" сынып оқушыларымен өткізілді. Жұмекен Нажімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентацияларды Карбоз Іңкәр, Зейнолла Аяулым және Есенжол Ілияс дайындап мазмұнды ақпаратпен бөлісті. Оқушыларды ақын—жазушыларға арналған көрмемен таныстырып, акцияның мақсаты, барысы туралы айтылды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дария Амантаевна қазақ әдебиеті майталмандарының шығармаларын оқудың маңыздылығына тоқталып, әдебиет құндылығын сіңіре білу қажеттілігін түсіндірді. Шара соңында оқушылар кітап оқу туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты.



