Мұғалімнің кәсіби дамуы – тәжірибе алмасудың тиімді жолы
2025 жылғы 19 желтоқсанда «Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» КММ-де «Мұғалімнің кәсіби дамуы: тәжірибе алмасудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және авторлық бағдарламалар әзірлеу бағытында тәжірибе алмасу болды.
Әдістемелік сағат барысында тарих-география пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, «Үздік педагог – 2020» республикалық байқауының жеңімпазы Альдекенова Анар Толыбаевна өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Ұстаздың «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» (Қазақстан тарихы пәні бойынша 5-сыныпқа арналған) авторлық бағдарламасы Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңестің шешімімен республикалық деңгейде таратылуға ұсынылған.
Өз сөзінде Анар Толыбаевна авторлық бағдарлама әзірлеу барысында мұғалімдердің назар аударуы тиіс негізгі бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар, авторлық бағдарламаның практикалық қолданымдылығы, сабақ барысында тиімді пайдалануға ыңғайлылығы және рәсімдеу талаптарының сақталуы педагог жұмысының сапасын арттыратынына ерекше мән берілетіні атап өтілді.
Іс-шара барысында мұғалімдер өздерінің сұрақтарына толық мазмұнды жауап алды. Мұндай кәсіби кездесулер педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға және білім сапасын жетілдіруге ықпал етеді.
Мұғалімнің кәсіби дамуы – тәжірибе алмасудың тиімді жолы 2025 жылғы 19 желтоқсанда «Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» КММ-де «Мұғалімнің кәсіби дамуы: тәжірибе алмасудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістеме