Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 168
Всего проголосовало: 1242
Смотреть результат
26 наурыз күні гимназиямызда « Дарын және талантты оқушылармен жұмыс: педагогтің құзіреттілігі мен әдістемесі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
26-03-2026 13:23
26 наурыз күні гимназиямызда « Дарын және талантты оқушылармен жұмыс: педагогтің құзіреттілігі мен әдістемесі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. 
    Мақсаты: Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жүргізудегі педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдауды жүйелеу.
       Педагогикалық кеңесте дарынды оқушыларды анықтау мен дамытудағы мұғалімнің рөлі жан-жақты талқыланды. Бұл бағытта дарынды балалармен жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Мұтан М. баяндама жасап, педагог құзыреттілігінің маңыздылығына тоқталды.
      Сонымен қатар  шығармашылық топтың жұмысы ұсынылып, тәжірибелік бағыттағы нәтижелер көрсетілді. Информатика пәнінің мұғалімі, халықаралық STEM тренері сертификатының иегері Атик Б.В. «Дарындылықты дамытудағы заманауи әдістер» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп ,ұстаздармен тренинг өткізді. «Үздік педагог–2025» байқауының жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есенгожина А.Е. дарынды оқушыларды олимпиадаға дайындау тәжірибесін ұсынды.
       Кеңестің екінші бөлігінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Джамалбаева С.С. ІІІ тоқсан қорытындыларына талдау жасап, қорытынды аттестаттауға дайындық барысы туралы баяндады.
        Педагогикалық кеңес барысында дарынды және талантты оқушылармен жұмысты жетілдірудің тиімді жолдары қарастырылып, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді