«Жас ұстаз – жаңа серпін» жобасы
«Жас ұстаз – жаңа серпін» жобасы аясында «Педагогикалық идеялар алаңы» шеберлік сабағы өтті !!!
Шеберлік сабағы барысында жас мамандар білім беру саласында қолдануға болатын жасанды интеллект құралдарымен таныстырып, оларды сабақ жоспарлауда, оқу тапсырмаларын әзірлеуде, көрнекі материалдар дайындауда және оқушылардың қызығушылығын арттыруда тиімді пайдалану тәсілдерін көрсетті.
Іс-шараның практикалық бөлімінде мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, топтық жұмыстар орындады. Қатысушылар ЖИ құралдарын іс жүзінде қолданып, жаңа идеялармен бөлісіп, сабақ үдерісінде қолдануға болатын тың әдіс-тәсілдерді меңгерді.
Шеберлік сабағы мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық ізденісін дамытуға және заманауи білім беру технологияларын тәжірибеде қолдануына мүмкіндік берді.
Жас ұстаз – жаңашылдықтың жаршысы, білімнің болашағына бастар жол!