Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 198
өздігінен білім алу - 198
Всего проголосовало: 1286
Смотреть результат
Мектепшілік ата-аналар жиналысы
21-09-2026 12:51
Мектепшілік ата-аналар жиналысы
МЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
 
18 қыркүйек күні гимназиямызда мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. 
 
Жиналыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы білім беру үдерісінің ерекшеліктері, 2025–2026 оқу жылындағы үйірмелердің жұмысы, сондай-ақ оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
 
 «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік және ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы сөз болды.
 
 Бала қауіпсіздігі мәселесі бойынша оқушылардың мектептегі және мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіздік және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
 Буллингтің алдын алу бағытында педагог-психолог тарапынан буллинг белгілерін дер кезінде анықтау, оның алдын алу және оқушыларға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Ата-аналарға баланың эмоционалдық жағдайына назар аударып, кез келген мәселені мектеппен бірлесе шешудің маңыздылығы айтылды.
 
 Оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің №26 бұйрығына сәйкес мектеп формасын сақтау.