Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 198
өздігінен білім алу - 198
Всего проголосовало: 1286
Смотреть результат
«Жас ұстаз – жаңа серпін» жобасы аясында дебат турнирі өтті!
15-10-2026 08:04
«Жас ұстаз – жаңа серпін» жобасы аясында дебат турнирі өтті!
 «Жас ұстаз – жаңа серпін» жобасы аясында дебат турнирі өтті!
Жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, сыни ойлау қабілетін жетілдіру және өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жас ұстаз – жаңа серпін» жобасы аясында дебат турнирі ұйымдастырылды.
 Турнир тақырыбы:
«Бұл палата жас мамандардың жиі жұмыс ауыстыруын тұрақсыздық емес, мансаптық дамудың тиімді жолы деп есептейді».
Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың уәждеріне жауап беріп, өзара пікір алмасты. Қызу пікірталас жас мамандардың ізденімпаздығын, тапқырлығын, сыни ойлау қабілетін және шешендік шеберлігін айқын көрсетті.
 Осындай зияткерлік алаңдар жас ұстаздардың кәсіби әлеуетін ашуға, жаңа идеялармен бөлісуге, өзара тәжірибе алмасуға және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға жол ашады.
Жас ұстаз – жаңа көзқарас, тың идея және жарқын болашақтың бастауы! 
@bilim_basqarmasy @aigerim_erkenovna @aushakhmanovp @bbdio_pvl.kz @almaermekovna81 
#ЖасҰстазЖаңаСерпін #ЖасМамандар #ДебатТурнирі #СыниОйлау #КәсібиДаму ЖасҰстаз