ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН АШЫҚ САБАҚТАР АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ Гимназиямызда құндылыққа негізделген ашық сабақтар апталығы өтті. Апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру, адамгершілік қасиеттерін қалып
ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН АШЫҚ САБАҚТАР АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
Гимназиямызда құндылыққа негізделген ашық сабақтар апталығы өтті.
Апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, білім мен тәрбиені ұштастыру.
Апталық барысында ұстаздарымыз мазмұнды да мәнді ашық сабақтар өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырды. Әр сабақта адалдық, жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық пен отансүйгіштік құндылықтары кеңінен насихатталды.
Осындай тағылымы мол апталыққа белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз!
Құндылыққа негізделген білім – саналы ұрпақ тәрбиелеудің негізі!