«КҮЗГІ АСАР» – ҚОЛӨНЕР САЙЫСЫ
«КҮЗГІ АСАР» – ҚОЛӨНЕР САЙЫСЫ
Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында 5–8 сынып оқушылары арасында «Күзгі асар» атты қолөнер сайысы өтті!
Сайысқа қатысқан оқушылар үй жағдайында күз тақырыбына арналған ерекше қолөнер бұйымдарын жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен қиял байлықтарын көрсетті.
Табиғи материалдардан жасалған туындылар, ерекше идеялар мен әсем композициялар көрмеге сән беріп, оқушылардың шеберлігі мен еңбегін айқындай түсті. Әр жұмыс — ізденіс пен шығармашылықтың жемісі!
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен еңбектері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Шығармашылық шекарасы жоқ, ал қиялға күз де шабыт сыйлайды!
#КүзгіАсар #ҚолөнерСайысы #ҚСәтбаев #МектепГимназиясы #5_8Сынып #Шығармашылық #КүзгіКөрме