«ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
«ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстары және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру бағытында «Отан алдындағы борыш – азаматтық парыз» тақырыбында Ақсу қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі 9–11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өскелең ұрпаққа Отан алдындағы азаматтық және әскери борыш, әскери қызметтің маңыздылығы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет атқарудың ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері қозғалды.
Кәсіптік бағдар беру аясында оқушыларға әскери мамандықтар, әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, қабылдау талаптары мен болашақта әскери қызметті кәсіби мамандық ретінде таңдаудың артықшылықтары таныстырылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери қызметке шақырылу тәртібі, мерзімді әскери қызмет және әскери білім алу жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.