1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар, тіл жанашырлары! Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22 қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жариялады, тарих бетіне қалдырды.
2-жүргізуші: Здравствуйте дорогие учителя и ученики! Указом Президента Республики 22 сентября обьявлен Днем языков народов Казахстана. Но за один день, конечно, невозможно показать достижения в этой сфере десятков народов, проживающих на территории Республики Казахстан. Поэтому во всех областях проходят недели, декады, месячники, фестивали языков. Фестиваль языков народов Казахстана отмечается в многонациональной республике.
1-жүргізуші: Good afternoon dear teacher sand pupils! Today we are going to celebrate the language’s day of Kazakhstan people. We congratulate you with the languages’ day! Today our gymnaisuim teach pupils for5 languages. They are Kazakh, Russian, English, Arabic and Chinese.
2-жүргізуші: ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздікалғаннанбастап, осыбіратаулы– ҚазақстанРеспубликасыхалықтарыныңТілдерікүнінжылсайынмерекелеуназардантысқалғанемес.Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп. Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.
1-жүргізуші: Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз. Олай болса, 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні!
-Гимн
2-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Рымкеш Хамитқызына беріледі.
1-жүргізуші: Біздің гимназия оқушыларға ана тіліміз- қазақ, орыс, араб және қытай тілдерін оқытады. Отанымыздың берекелі шаңырақ, беделді елге айналуы белсенді тіліне де байланысты. Олай болса бүгінгі ұрпақ-тіл туралы ой толғайды. (5-6 сынып оқушылары ортада өлеңдерін оқиды.)
1-жүргізуші:
Ана тілің -арың бұл!
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!,- Ән «Do something different!» -Түрлі іс жаса!
2-жүргізуші:
Тілейміз гимназияда болсын ақын
Халықтың жүрегіне олар жақын!
Қызыл тілді дамытуға үлесі зор
Тілейміз жаратқаннан сондай рахым!
Жыл сайын гимназиямыздың қатары дарынды және өнерлі оқушылармен толығуда. Ортаға 10 сынып оқушысы Серғазин Арманды шақырамыз!
1-жүргізуші
Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!,- гимназиямызда … жылдан бері қытай тілі оқытылып келеді.
Қытай әнін қарсы алайық! (ән қытайша) 4-5 сыныптар
2-жүргізуші
Ана тілім-қазақ тілім, туған тілім!
Қасиетті тілімнің мәнісін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!
(8-10 сынып оқушылары, өлеңдерін оқу)
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!- (орысша ән)
2-жүргізуші: Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз! Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қаннан қаперсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдарда тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар болғанын білеміз. Сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкіл халықтық қозғалыс-соның айғағы. Тіл мен елінің намысын көтерген көптеген ағаларымыздың басы байлауда кетті. Енді бір сәт әдебиетімізгекөз салып, Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық! (Ұлылар сөзі- 5а сынып оқушылары)
1-жүргізуші: Бишілер тобы бар мектебімде
Білеміз жетістікке жеткенін де.
Жан-жақтан орын алып, жеңімпаз боп,
Риза етті өткен жылдың көктемінде. «Орыс биі» (би орындалады).
2-жүргізуші: Қазақ- табиғатынан ділмар, шешен халық. Бізде ежелгі грек, Рим мемлекеттеріндегідей шешендер мектебі болмаса да сөз қадірін білген халқымыз шешен, ақылгой қарияларды ерекше құрметтеген. Халық туғанына, қарына тартпай тура билік айтқан шешендерді ханнан бетер бағалаған. Қазір Жиренше шешеннің тапқыр баланың сөзіне риза болғанын тамашалайық!(8- сынып)
2-жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген
Елбасымыз Нұрағаның бастауы!
1-жүргізуші
Қалды артта қиямет азапты күн,
Қазақстан - Отаным азат бүгін
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын!
Ән «Жаса Қазақстан!»
1-жүргізуші: Ұстаз сөзі- күн нұрына парапар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы олар
Шуақ болып жүректерге таралар!,- ортаға тіл мұғалімдерін шақырамыз! (мұғалімдер әр тілде тақпақтарын айтады)
1-жүргізуші: Тіл халықтың игілігі. Халықтың жазуы жоқта- кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Республикамыздың әр түкпірінде әрбір азамат тілдер мерекесіне өз үлестерін қосуда. Сахнаға тағы да бишілер тобын шақырамыз!
2-жүргізуші: Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы-тілдеріміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты кешіміз өз мәресіне жетті.Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,- демекші, алдымен тілі шұрайлы да оралымды ана тіліміздің мерейі үстем болсын!
1-жүргізуші: Келесі кездескенше күн шуақты болсын!
1. 5-6 сынып оқушылары ортада өлеңдерін оқиды
2. Ән «Do something different!»-Түрліісжаса!
3. Серғазин Арман
4. Қытай әні
5. 8-10 сынып оқушылары, өлеңдерін оқу
6. Орысша ән
7. Ұлылар сөзі- 5а сынып оқушылары
8. Орыс биі
9. Жиренше шешеннің тапқыр баланың сөзіне риза болғаны (8- сынып)
10. Ән «Жаса Қазақстан!»
11. Мұғалімдер
12. Қазақ биі