Мақсаты: Тіл заңының орындалуын қадағалау, үш тілде оқыту эскперименті бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, олардың деңгейін, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру негізінде іс-шаралар ұйымдастыру.
2012 жылы 10-16 қыркүйекте тілдер айлығы шеңберінде Тілдер күнін мерекелеуге арналған «Білім апталығы», 17-22 қыркүйекте «Шығармашылық апталығы» өткізілді. Дүйсенбі мен жұма - қазақ тілінің күні, сейсенбі - орыс, сәрсенбі - ағылшын, бейсенбі - қытай, сенбі - араб тілдерінің күні деп аталды. Әр күні атап өткен тілде ашық сабақтар берілді, видеороликтер көрсетіліп, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Балауса» ақпараттық радио орталығының жетекшісі Жакупова Самал Серікқызы және орталық мүшелері үзіліс кезінде дүйсенбі, жұма күндері «Ана тілім-ардағым», сейсенбі күні «Язык как чудо из чудес», сәрсенбі күні «English around us», бейсенбі күні қытай тілінде «Тіл білу – ел білу» радиохабарлар өткізді және «Тіл -достық құралы» видеороликтерді көрсетті.
Мектеп кітапханасында кітапханашы Женаева Гүлжан Иранқызы «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбындағы кітап көрмесін ұйымдастырды. Әр сыныпта «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбына тәрбие сағаттары өткізілді.
«Білім апталығы» барысында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Нұрғалиева Д.А., Дюсембаев Ә.Қ., Шапауова Ә.С., орыс тілі пән мұғалімдері Ибрайкина Қ.М., Бекбасова Б.Ш., Курлеутова Г.К., Тулеубаева К.Б., ағылшын тілі пән мұғалімдері Сабиғанова С.А., Смагулова А.Е., Уажанова Б.Б., қытай тілі пәнінің мұғалімі Хуаныш Жайнагүл, араб тілінің мұғалімі Аршабаев С.Т. ашық сабақтар өткізді.
«Шығармашылық апталығы» барысында қазақ тілінде Дүйсембаев Ә.Қ. зияткерлік ойын, орыс тілінде Ибрайкина Қ.М. «Литературная гостиная», төрт тілде Бекбасова Б.Ш., Уажанова Б.Б, Хуаныш Ж. интеллектуалдық сайыстарды өткізді. Екінші сыныптар арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сөз өнері сайысы,үшінші сыныптар арасындаШ. Мұртазаның 80-жылдығына арналған әдеби-музыкалық ертеңгілік, төртінші сыныптар арасында «Өзге тілдің бәрін біл» үш тілде интеллектуалдық ойынды өткізілді. Тіл білімі, логикадан, ауыз әдебиет тақырыбынан қойылған сұрақтарға оқушылар жауап беріп, қорытынды сапта жеңіске жеткен 15 оқушы марапатталды.
21 қыркүйек күні «Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін» атты музыкалық-әдеби фестиваль өтті. Фестивальді ұйымдастырғандар қазақ тілі пән мұғалімі Нұрғалиева Д.А., ағылшын тілі мұғалімі Смагулова А.Е, орыс тілі мұғалімі Г.Курлеутова, қытай тілі мұғалімі Хуаныш Ж., хореография мұғалімі Зембаева Д.С. Оқушылар қазақ, орыс, қытай ұлттық билерін билеп, ән айтып, төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) өлеңдер оқыды. Тіл мұғалімдері сахнаға шығып, әр тілде өлең айтты.
27 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шапауова Әсем Сембіқызы және кітапханашы Женаева Гүлжан Ирановна мектепішілік кітапханада «Бір ел - бір кітап» ақциясы аясында Оралхан Бөкеевке арналған конференция өткізді. Конференцияға 5-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Ақынның өмірбаяны, шығармашылық жолдары, «Қар қыз» повесінің тарихтағы және әдебиеттегі орны талқыланды. Оқушылар Ибрайкина Айсара, Турапекова Айым, Сәтпекова Әлемгүл, Сергазин Арман конференцияға белсенді қатысып, ойларымен бөлісті. Конференция барысында кітапханашы ақынның басқа да кітаптарымен таныстырып, мазмұнының ерекшеліктерін айтып шықты.
Тілдер апталығына гимназия оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысып, барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.